Іс-шаралар

Іс-шаралар

Қазақстан-Корея инвестициялық форумы

Нұр - Сұлтан қаласы

22 сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласында (Астана Конгресс-Орталығы) Оңтүстік Корея Президенті Мун Чжэ Инаның Қазақстанға ресми сапары шеңберінде Қазақстан-Корея инвестициялық форумын өткізу жоспарлануда.

Ұйымдастырушылар - Кореяның Алматыдағы Бас Консулдығының Коммерция бөлімі (одан ары - КОТРА), "Kazakh Invest” Ұлттық компаниясы" АҚ мен "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ. 

Форум Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін әлеуетті корей инвесторларына ұсыну және медицина, инфрақұрылым, ауылшаруашылық кешен сияқты салаларда екіжақты іскерлік қатынастарды дамыту мақсатында ұйымдастырылады. 

Форум шеңберінде қазақстандық және корейлік компаниялар арасында әлеуетті инвесторларды тартуға және бірлескен бизнес-әріптестікті орнатуға негіз болатын бизнес-кездесулер өткізу жоспарлануда.

Артқа қайту
Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге