Біз туралы

Біз туралы

Оразалин Оңдасын Сейілұлы

Ақтөбе облысының әкімі

1963 жылы 6 қарашада Қазақ КСР-і Ақтөбе қаласында дүниеге келген.  1985 жылы Ақтөбе педагогикалық институтын ағылшын тілінің мұғалімі, 1991 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірді. 

Еңбек жолын Ақтөбе педагогикалық институтында оқытушылықтан бастады (1985-1988 ж.), Ақтөбе педагогикалық институтының комсомол комитетінің секретары (1988-1990 ж.); «РИКА-ТВ» ЖШС-да жарнама ақпараттық-коммерциялық агенттігі бөлімінің басшысы (1990-1993ж.), «Банк - РИКА» ААҚ-ның басқарма төрағасы (1993-1999ж.); «Облтрансгаз» ЖАҚ-ның, «Ақтөбегаз» ЖАҚ-ның басқарма төрағасы (1999-2000ж.) болды. 

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының әкімі (2000-2003ж.), Ақтөбе облысының сыртқы экономикалық  байланыс және инвестициялар басқармасының басшысы (2003-2004ж.), Ақтөбе облысының ішкі саясат департаментінің директоры (09.2004-09.2005ж.), Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары (09.2005-11.2006ж.) болып қызмет етті.

2006 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің инспекторы болды.

 2007-2008 жылдары  Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмыстары бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 03.2008-10.2008 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және кадрлық-ұйымдастыру жұмыстары бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 2008-05.2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмытары бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 05.2014 - 22.03.2017 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды.

22.03.2017-25.02.2019 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметінде болды.

2019 жылдың 26 ақпанынан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды.

Мемлекеттік наградалармен («Құрмет» ордені (2008) және мерейтойлық медальдармен марапатталған.  

Лауазымдық міндеттер:

1. Облыс әкімдігін және облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарды басқарады.Орталық атқарушы органдардың барлық аумақтық бөлімшелерінің келісілген түрде жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

2. Мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынас кезінде облыс мүддесін білдіреді.

3. Мәселелері:

1) әлеуметтік- экономикалық саладағы реформаларды тереңдету;

2) облыстыдамытудың ұзақ мерзімге арналған басымдықтарын іске асыру;

3) мемлекеттік инвестициялық саясат;

4) ұлтаралық қарым- қатынас;

5) облыс аумағында қоғамдық -саяси тұрақтылықты, заңдылықты және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету;

6) кадр саясаты;

7) аудандар мен Ақтөбе қаласы әкімдерінің қызметтерін жалпы үйлестіру.

4. Облыс бюджетінің жобасын дайындау жөніндегі жұмыстарға басшылық жасайды және оның орындалуын бақылайды.

5. Қазынашылық, мемлекеттік кірістер департаменттерінің қызметтерін жалпы үйлестіреді.

6. Прокуратура, арнайы қызмет, құқық қорғау және сот органдарымен өзара іс- қимыл жасайды.

7. Облыс әкімдігінің жанындағы кәсіпкерлер кеңесін, үдемелі индустриялық – инновациялық дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесін, «Ақтөбе» Әлеуметтік Кәсіпкерлік Корпорация» Ұлттық компаниясы» АҚ директорлар кеңесін, кадр комиссияны, жемқорлыққа қарсы күресу мәселелері бойынша аумақтық комиссияны, құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияны басқарады.

Артқа қайту
Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге